Түрмеден 20 террорист қашып кетті

Оқиға 20 қаңтар күні Сирияның Хасеке қаласының оңтүстік шетінде орналасқан Эс-Санавия түрмесінде болған, деп хабарлады turkystan.kz exk.kz-ке сілтеме жасап. 

Лаңкестердің сыбайластары олардың қашып кетуіне мүмкіндік жасап, түрмеге кіреберісте бомба орнатылған екі көлікті жарып жіберген. АҚШ-тың әскери тікұшақтары лаңкестердің жолын торып, қашқындарды іздестіріп жатыр.

SANA агенттігінің хабарлауынша, түрмеден қашқан лаңкестер қаруланған. Қашқындар мен түрме күзетшілері арасында атыс болып, тіпті гранаталар жарылды.

Әзірге олардың қаладан шығып кеткені туралы ақпарат жоқ. Эс-Санавия түрмесі 2019 жылдың көктемінде құрылды. Онда Евфрат өзенінің шығыс жағалауындағы Эль-Багуз қаласындағы лаңкестік бекетті басып алу кезінде тұтқындалған содырлар көшірілген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button