Премьер-министрдің алты апталық қызы COVID-19 жұқтырды

Премьер-министрдің алты апталық қызы COVID-19 жұқтырды

Премьер-министрдің алты апталық қызы COVID-19 жұқтырды
ашық дереккөзі
Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсонның небәрі алты апталық қызы коронавируспен (COVID-19) ауырып қалған, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Daily Mail басылымы ақпарат таратты. Газет мәліметінде Премьер-министрдің Роми есімді қызы бес апталық кезінде коронавирус жұқтырғаны айтылған. Дегенмен, ол қазір індеттен айықты деген хабар бар. Джонсонның өзі бірнеше күннен бері көпшілік алдына шықпай қойған еді. Тек сейсенбі күні Sky News арнасына сұхбат бергенде ғана көпшілік алдына шықты. Роми Айрис Шарлотт Джонсон 9 желтоқсанда Лондон ауруханасында дүниеге келген. Қазір әкесі, 33 жастағы анасы Керри және жақында екі жасқа толатын ағасы Уилфредпен Даунинг-стрит 11 мекенжайындағы пәтерде тұрып жатыр.