«Халық банктің» үш қызметкері жұмыс барысында қаза тапқан

«Халық банктің» үш қызметкері жұмыс барысында қаза тапқан

«Халық банктің» үш қызметкері жұмыс барысында қаза тапқан
ашық дереккөзі
2021 жылдың 6 қарашасында Өзбекстанның Навои - Нұрата жолында қарама-қарсы бағытта келе жатқан көліктердің соқтығысуы салдарынан 8 адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.  Өзбекстанның Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі қайғылы оқиғаға қатысты тергеу нәтижелерін енді ғана жариялады. Министрлік жағдайды Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрінің 2021 жылғы 8 қарашадағы тиісті бұйрығымен құрылған арнайы комиссия толық тексеріп, жұмыс барысында болған оқиға деп танылғанын мәлімдеді.
«Зардап шеккендердің әрқайсысына «Халық банк» АҚ Басқарма төрағасының және «Халық банк» АҚ Науаи аудандық филиалының атынан жазбаша нұсқау бойынша Н-1 нысанында акт жасалсын. Арнайы тергеу материалдары да Науаи облысы ішкі істер департаментінің тергеу басқармасына жіберілді» деп жазылған хабарламада.
Осылайша, банк қызметкерлері қызмет барысында болған оқиға кезінде қаза тапты деген тұжырым жасалды. Еске сала кетейік, былтырғы 6 қарашада «Халық банкі» Нұрата облыстық филиалының 29 жастағы басшысы Темурмалик Пірматов, 40 жастағы бас есепші Мұзаффар Саидов және мониторинг бөлімінің басшысы 32 жастағы Юнусжон Равшанов, сондай-ақ екінші көліктегі  5 адам жол-көлік оқиғасы кезінде қайтыс болған еді.