Алматыда қару-жарақ қоймасы табылды (ВИДЕО)

Алматыда қару-жарақ қоймасы табылды (ВИДЕО)

Алматыда қару-жарақ қоймасы табылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Күдікті Алматы облысының полицейлеріне қару қоймасын көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 14 қаңтарда Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөліміне  Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан және жасырын қаруы бар адамға қатысты хабарлама келіп түскен. Осыдан кейін Қызылжар ауылының 21 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол 6 қаңтарда Алматыда болған тәртіпсіздіктер кезінде «Алпамыс» қару-жарақ дүкенінің қалай тоналғанын көрген.
«Дүкенде белгісіз үш адам оған Ресейде жасалған екі қару берген. Дүкен ғимаратының алдынан тағы да мылтық, тегіс ұңғылы қару мен тапанша және көптеген оқ-дәрілерді жинап алған. Ол қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тау бөктеріндегі екі жерде жасырған», - деді тәртіп сақшылары.
Қойманы тексеру барысында қару-жарақ арсеналы табылып, заттай айғақ ретінде іске тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.