Павлодарда балықшы ойыққа түсіп кетті

Павлодарда балықшы ойыққа түсіп кетті

Павлодарда балықшы ойыққа түсіп кетті
ашық дереккөзі
Суға батқан адамның денесін екі құтқарушы алып шыққан, деп хабарлады turkystan.kz  18 қаңтарда Шідерті кентінде, Қаныш Сәтбаев атындағы каналда 1983 жылы туған азамат суға батып кеткен. Облыстық ТЖД-ға сағат 12:44-те суға батқан адам туралы хабарлама түскен. Куәгердің айтуынша, ол балық аулау үшін мұз үстімен каналдың ортасына қарай жүрген.
- Куәгер редукторын ретке келтіру үшін бұрылған, алайда сол  кезде  ер адам мұздың астына түсіп кеткен. Куәгер дереу 112 нөміріне қоңырау шалған, - дейді департаменттің баспасөз қызметі.