Кәсіпкерлер өтемақы алу үшін өз тауарларын әдейі жоюы мүмкін

Кәсіпкерлер өтемақы алу үшін өз тауарларын әдейі жоюы мүмкін

Кәсіпкерлер өтемақы алу үшін өз тауарларын әдейі жоюы мүмкін
ашық дереккөзі
«Атамекен» ұлттық Кәсіпкерлер палатасы қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлік нысандарының шығын көлемін есептеу кезінде асыра бағалау фактілері анықтағанын хабарлады, деп жазды turkystan.kz almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап. Бұл туралы зардап шеккен бизнесті қалыпқа келтіру және Алматыны одан әрі дамыту жөніндегі қалалық актив отырысында айтылды. Кейбір кәсіпкерлер жергілікті биліктен өтемақы алу үшін тауарларын әдейі жойып жібермек болған. Мұндай жағдай әлеуметтік желілерде адамдардың бүтін бөтелкелерді қоқыс машинасына лақтырып жатқан видеоларынан кездескен. Видео авторлары оны кәсіпкерлер мемлекеттен өтемақы алу үшін осындай әрекетке барып отыр деп топшылаған.
«Сол себепті, біздің кәсіпкерлерге айтып кетейін, ондай әрекеттерге бармағаны дұрыс. Себебі ертең бәрібір әшкереленеді. Комиссия мүшелері 3-10 күн ішінде шешім қабылдауы керек. Кәсіпкерлерге пайдакүнемдікпен айналысудың қажеті жоқ. Жауапқа тартылуы мүмкін», – деді қалалық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Әскербек Насамбаев.
Сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасының өкілдері бірде-бір тауардың есепсіз қалмайтынын айтты. Олар мұндай адамдарды әшкерелеу үшін тұтас бір жүйе құрылғанын жеткізді.