Бүлік кезінде қаза тапқан қарапайым халықтың несиесі кешірілетін болды
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарладыturkystan.kz.«Тапсырмаға сәйкес, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің несиесі есептен шығарылады. Сондай-ақ тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан қарапайым азаматтардың несиесі де кешіріледі. Қазір агенттік бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатыр», - деді Александр Терентьев.
Бұған дейін бірнеше банк елдегі бүлік кезінде көз жұмған әскерилер мен полицейлердің несиесін кешіретінін мәлімдеген еді.