Төрт қолы мен төрт аяғы бар нәресте дүниеге келді

Төрт қолы мен төрт аяғы бар нәресте дүниеге келді

Төрт қолы мен төрт аяғы бар нәресте дүниеге келді
ашық дереккөзі
Үндістанның Садар қаласының перзентханасында төрт қолы мен төрт аяғы бар нәресте дүниеге келді деп хабарлады turkystan.kz lenta.ru-ға сілтеме жасап. 17 қаңтар күні жергілікті тұрғындар ауруханаға ағыла бастаған. Себебі, елді мекендерге төрт аяғы мен төрт қолы бар бала дүниеге келді деген ақпарат лезде тараған. Дәрігерлер сәбидің жынысы жайлы тіс жармаған. Алайда жергілікті тұрғындар нәрестедегі ерекшелікті Құдайдан келген белгі деп түсінсе, дәрігерлер бұл жүктілік кезінде пайда болған асқынулармен байланысты екенін айтады. Еске сала кетсек, бұған дейін де, яғни 2019 жылы сол Үндістанның Раджастан штатында төрт аяғы мен үш қолы бар сәби дүниеге келген болатын. Нәрестенің суретін мына сілтемеден көре аласыздар.