Жаппай тәртіпсіздік кезінде жұртқа қару таратқандар ұсталды (ВИДЕО)

Жаппай тәртіпсіздік кезінде жұртқа қару таратқандар ұсталды (ВИДЕО)

Жаппай тәртіпсіздік кезінде жұртқа қару таратқандар ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматы қаласының Полиция департаменті жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкенінен қару ұрлап, кейін оны Республика алаңына жиналғандарға таратқан азаматтарды ұстағанын хабарлады, деп жазды turkystan.kz.
«Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күдіктілер қару-жарақ дүкенінен қару алып шығып, Республика алаңына жиналғандарға тарата бастаған. Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында күдіктілердің жеке басын анықтады. Олар қаладағы базарлардың бірінің аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта айыпталушылар қамауда отыр. Алдағы уақытта олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеретін боламыз», – деді департамент бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Осы жайтқа байланысты бірден ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі. Үш күдікті де бұл қадамға мәжбүрліктен барғанын айтып ақталуда. Видеодағы жігіттер қару асынған адамдардың оларға күш қолданып, тоналған дүкеннен қару-жарақты көлікке салуға және кейін оны алаңға шыққандарға тарату туралы тапсырма берілгенін айтты. Кейін противогаз киген адамдар ұрлаған қару-жарақтың жартысын өздеріне алған. Полиция бұл топтың үйлестірушісінің жеке басын және ұсталғандардың әрекетінің шынайы себебін анықтауға кірісті. Айта кетейік, бүлікшілерге қару таратып жатқан сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Кейіннен бұл видео әлеуметтік желілер мен телеарналар арқылы тарады.