Полицейлер содырлардың мәйіті көмілген жерді анықтады

Полицейлер содырлардың мәйіті көмілген жерді анықтады

Полицейлер содырлардың мәйіті көмілген жерді анықтады
ашық дереккөзі
Алматыда Полиция департаменті бүлік кезінде мәйітханадан ұрланған содырлардың мүрделері табылғанын растады, деп жазды turkystan.kz. Қалалық полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, тергеу жүргізіліп жатыр.
«Иә, растаймыз. Расында да мәйіттер табылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Сондықтан мәйіт саны қанша екенін нақты білмейміз. Жедел тергеу тобы жұмыстарды аяқтағаннан кейін толық ақпарат береміз», – деді Салтанат Әзірбек.
Оқиғаның мән-жайы тергеуден соң анықталады. Бұған дейін қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәйітханалардан 41 мүрденің ұрланғанын хабарлаған болатын.