Жаңа Қазақстан: Жақын арада не тындырылуы керек?

Жаңа Қазақстан: Жақын арада не тындырылуы керек?

Жаңа Қазақстан: Жақын арада не тындырылуы керек?
ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында қиын күн­дер артта қалғанын, ел тағдыры үшін ұйыса білген барша қазақстандыққа шынайы ризашылығын білдіретінін айтып, жаңа Қазақстанды бірге құруға ша­қырды. Жаңадан тағайындалған Үкімет басшысы мен қайта жасақталған Министрлер каби­не­тіне саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін нақты тапсырмалар жүк­телді.

Барша қазақстандықтың қоры 11 қаңтарда Мемлекет басшысы «Қазақстан хал­қына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырған бо­латын. Оған қоса қор денсаулық сақтау, білім, әлеу­меттік қолдау саласында нақты проблемаларды ше­шу­мен айналысатынын да айтып өтті. – Мысалы, сирек ауруға шалдыққан балаларға кө­мектеседі. Қалаларда, аудандарда, ауылдарда бала­лар­ға арналған спорттық алаңдар саламыз. Қабілетті ба­лаларға жәрдемдесеміз. Мәдениетке қолдау көр­сете­міз. Алматыға жантүршігерлік трагедиядан кейін оңалу­ға көмектесеміз. Осы қордың қаражатынан біз қа­за болған полицейлер мен әскери қызметшілердің от­басыларына қолғабыс етеміз. Және бұл тек бер жағы ғана, – деді Президент. Бұл Президенттің, Үкіметтің немесе қандай да бір мем­лекеттік органның қоры емес, барша қазақ­стан­дықтың қоры болатыны да айтылды. – Бұл – халық қоры. Ол әкімшіліктің немесе Үкі­мет­тің жанынан құрылмайды. Беделді бақылау кеңесі құры­лады. Адал, жауапты басшы тағайындалады. Оның қызметі толығымен ашық болады, қоғамға есеп береді. Жоспарлары, бюджеті мен жобалары сайтта жария­ланады. Бүкіл ақпарат ашық болады, – деді қор жайлы Президент. Ізін ала аталған, қор құрылып, жұмы­сын бастап та кетті. Қордың Қам­қорлық кеңесінің құрамы жария­лан­ды. Қордағы қаражатты бөліске салуға осы құрамдағы белгілі мемлекет және қо­ғам қайраткерлері, азаматтық қоғам өкіл­дері, меценаттар мен еліміздің бедел­ді азаматтары жауап беретіні айтылды. Яғни қордың жұмысына Президент Әкім­шілігі де, Үкімет те араласпайды. Кеңес қордың төрағалығына Болат Жәмішевтің кандидатурасын ұсы­нып, қолдады. Жоғары басқару орга­ны ретінде Қорға қатысушылардың жал­пы жиналысы, бақылаушы орган р­е­тінде Қамқорлық кеңес, атқарушы ор­ган болып Басқарма және бақылаушы ор­ган болып Тексеру комиссиясы бекі­тіл­ді. Десе де қордың құрамы халық ара­­­­сында қызу талқыға түсті, төрағадан бас­тап мемлекеттік тілге шорқақ екені ай­тылды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мү­шелері де осы пікірде екендерін біл­дірді. Мүшелерді халық дауысы арқылы са­й­лау ұсынысы да болды, құрамда жас­тар­дың болмағаны да көпшілікке ұнай қоймады. Бір сөзбен айтқанда, бастамасы игі болған Қордың Қамқорлық кеңесінің құрамына халықтың сенімінен гөрі күдігі басым болып тұр. Ал қор ашыла салысымен, оған қар­жы түсіп жатыр. 17 қаңтардағы мәлімет бойын­ша заңды тұлғалардан 12,36 мил­лиард теңге түскен. – Kaspi Bank және оның құрыл­тай­шы­лары Вячеслав Ким мен Михаил Лом­тадзе 10 миллиард теңге көлемінде қо­мақ­ты үлес қосты. Сондай-ақ «Халық» қайы­рым­ды­лық қорынан 2 миллиард тең­ге түсті. Степ­ногор тау-кен-химия ком­­­­бинаты 350 мил­лион теңге аударды – деп мәлімдеді қор өкілі. Сонымен қатар, қоғамдық қорға ерікті түрде 6 519 қазақстандық ақша аударған. Одан бөлек бір күнгі жа­ла­қысын аударып жатқан мекемелер бол­ды, бірақ кейіннен бұл қордың жұ­мы­сын науқанға айналдыруы мүмкін еке­ні жөнінде сарапшы мамандар тара­пынан сын айтылды. 18 қаңтарда YDD Corporation және Asia FerroAlloys компанияларының ак­цио­нерлері Ерлан Нығматулин мен Давид Кемертелидзе қорға 1 миллиард тең­ге аударды. Экономика министрінің жоспарлары Осы аптада Ұлттық экономика ми­нистрі Әлібек Қуантыров Қа­зақ­стан экономикасын тұрақтандыру бойын­ша жоспарын таныстырды. Министр бұл жоспардың қоғам­дық тәртіп пен қауіпсіздікті қал­­пына келтіру, әлеуметтік және өзге де инф­рақұрылымдар, әлеуметтік мәсе­ле­лер, негізсіз бағаның өсуіне жол бермеу, ха­лық пен кәсіпкерлікті қолдау, ұйым­дас­тыру-қаржылық мәселелер бойынша 51 шарадан тұратынын айтты. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, әлеуметтік және өзге де инфрақұрылымды қалпына келтіру бағытында жоспарда 11 іс-шара көзделген. Министрдің жоспарына қарасақ, бұдан бөлек, әлеуметтік мәсе­ле­лер бағыты бойынша 10 іс-шараны іске асыру жоспарланып отыр. Олар жарақат алған тиісті органдардың қызметкер­лері­не өтемақы төлеуді, қаза тапқан осы ор­гандар мен бейбіт азаматтардың отба­сыларына көмек көрсетуді, бизнес пен ха­лыққа борыш жүктемесін азайту шара­ларын, мұқтаж азаматтарға тұрғын үй кө­мегін көрсетудің жаңа тәртібі мен те­ті­г­ін енгізуді қамтиды. «Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бағытында 15 іс-шара­ны іске асыру жоспарланған», – деді ми­нистр. Ал ұйымдастыру-қаржылық мәсе­ле­лер бағыты бойынша 8 іс-шараны іске асыру жоспарланып отыр екен. – Ұсынылған жедел іс-қимыл жос­пары Мемлекет басшысының тапсырма­ла­рын ескере отырып, алдағы бірнеше айда мемлекеттік органдардың тиісті мін­деттерді үйлестіре шешуіне бағыт­тал­ған. Жоспарды іске асыру елдегі эко­но­ми­калық ахуалды қалпына келтіруге жә­не күнделікті өмірге қайта оралуға алып келеді, – деді министр. Тағы да ауыс-түйіс Апта ауыс-түйіске толы болды. Бірақ соның ішінде халықтың назарын ау­дартқандарына тоқталып өтейік. Қайрат Шәріпбаев пен Димаш Досанов QazaqGaz және «Қаз­Транс­Ойл» ұлттық компаниялары­ның басқарма төрағалары қызметінен кетті. Ақпаратты «Самұрық-Қазына» қорының бас­пасөз қызметі растады және екі бас­шы­ның да өз өтініштері бойынша қыз­ме­тінен кеткенін мәлімдеді. Сонымен қатар Қаныш Ізбастин бұ­дан былай «Бәйтерек» ұлттық бас­қару­шы холдингінің Басқарма төраға­сы­ның бірінші орынбасары болып жұ­мыс істемейді. Ал Тимур Құлыбаев «Атамекен» ұлт­тық кәсіпкерлер палатасының төрағасы қызметінен кеткенін мәлімдеді. Ол бұл шешімін палатаның ресми сай­тында жариялады. Тимур Құлыбаев ұлт­тық кәсіпкелер палатасы жүктелген мін­деттерді орындай алғанын, бұған қоса алдағы уақытта Президенттің алға қойған тапсырма­лары­на ден қоятынын айтты. Бұған дейін еңбек демалысында де­лінген Самат Әбіш Ұлттық қауіп­сіздік коми­теті төрағасының бірін­ші орын­басары қызметінен босатылғаны белгілі болды. Самат Әбішті қызметінен босату туралы жарлыққа Президент қол қой­ды. Одан бұрынғы ауыс-түйістерді газет­тің алдыңғы санында жариялаған едік. 19 қаңтар күні Президент жарлығы­мен Руслан Жақсылықов Қазақстан Рес­публикасы ішкі істер министрінің орын­басары – Ұлттық ұланның бас қолбас­шы­сы лауазымынан босатылып, Қорға­ныс министрі болып тағайындалды.
Ұраншылдық ұшпаққа шығармайды Президенттің «Жаңа Қазақстанды» бірге құрамыз деген сөзін іліп әке­тіп, бастаманы қолдайтындарын ай­тып жатқандар қатары күн санап кө­бейіп жатыр. Теріске шығарғанымыз емес, десек те айтылған сөзді нақты іс, нәти­жеге емес, бос ұранға айналдыратын әдет­тен түк шықпасын ұғынатын кез бая­ғыда келгенін қаперге алсақ игі. Елді жаңартудан бөлек толқудан кейінгі жағдайды реттеуге әлі та­лай уақыт керек сияқты. Іс-түссіз жо­ғал­ған­дар мен жазықсыз қамауға алын­ған­дар­дың мәселелері әлі ушығып тұр. Жо­ғал­ғандардың саны әлі нақтыланбады. Мем­лекет басшысы бас прокуратураға ұстал­ғандардың барлығының кінә дәре­же­сін анықтауды тапсырып, жазаны жеңіл­дету туралы бұйрық бергеннен кейін ғана сең қозғала бастағандай бол­ды. Дегенмен, әлі де болса жағдай рет­тел­меді. Бұл мәселе де асыра сілтеуге, нау­қан­шылдыққа ұласпаса дейміз. Қираған ны­сандар мен бүлінген дүниелер қал­пына келер, ал адамның өмірі – елдің бас­ты құндылығы екені ұмытылмауға тиіс. Ескі әдетпен ел жаңармайтыны да анық.
Бауыржан ЫСҚАҚОВ, экономист: Шикізатқа тәуелді елден трансформацияланған елге көшу жоспарын жасау қажет – «Қазақстан халқына» атты қор құ­рыл­ды, ол әлемдік тәжірибеде бар нәрсе. Мұн­дағы негізгі принцип бизнестің әлеу­меттік жауапкершілігін арттыруға ба­ғытталған деп ойлаймын. Қордың ба­сым бөлігі осы елде, осы жерде өзінің дәу­­летін асырған, қазба байлықтарды пай­далану арқылы қор жинақтаған адам­­­дардың қаражатына негізделуі ке­рек. Солай деп айтылды да. Бұл – бизнес өкіл­деріне беріліп тұрған мүмкіндік. Олар­дың әлеуметтік жауапкершілігін арт­тыратын дүние. Яғни ақшаның көп бө­лігі заңды тұлғалардан түсуі керек және оның жұмсалуы ашық болуға тиіс. Біз­де бұған дейін де талай қор құрылды, со­лар сияқты жинақталған қаражаттың 20-30 пайызын қызметтік автокөліктерге, қым­бат офистерді жалдауға, басшылары мен қызметкерлерінің жалақысына, сыйа­қыға жұмсалып кетпеуі керек. Сонымен қатар мына нәрсенің ара­­қа­тынасын ажыратып алуы­мыз ке­рек: мемлекеттің спорт, білімнің да­муы­на бюджеттен бөлетін қаражаты бар, ал қордың функциясы осымен бір­дей, қабаттас болмауы керек. Бізде әр­түрлі жағ­дайларда, су тасқыны сияқты тосын апат кезінде арнайы қор құрылып жа­та­ды, «Қазақстан халқына» қоры осындай оқыс жағдайлардың салдарын жойып, ал­дын алуға көмектесуі қажет. Ұлттың имид­жін көтеретін спортшылар, жас ға­лымдардың білімін шыңдауға да сеп бол­са дейміз. Олар да мемлекет тара­пы­нан қамқорлық, қолдау бар екенін се­зін­се, соған назар аударылса екен. Бұл қорды Ұлттық қормен байла­ныс­тырмауымыз керек. Ұлттық қор­дың қаражатын неғұрлым жұм­са­маған жөн. Қаржы капитализацияға түсіп, көбейе беруі керек. Соңғы 5-6 жыл ішін­де 30 миллиард доллардай ақшаны жұмсап тастадық. Мысалы, 10-15 жылдан кейін мұнай қазіргідей пайда әкелмеуі мүм­кін. Сондай жағдайда шығынның ор­нын Ұлттық қордың қаражаты жаба­ды, негізгі функциясы – осы. Экономика министрінің жария­ла­ған жоспары – кешенді қысқамер­зім­ді жоспар. Жалпы экономикалық ба­­ғытты толық айқындамайды, үлкен ре­формаға айналмайды. Алматы – біздің қар­жы орталығымыз, бізге оның имид­жін көтеруге күш салған жөн. Жаңа Қазақстанды құру үшін шикізатқа тәуелді мемлекеттен трансформацияланған, яғни басқа да салалары пайда әкелетін мемлекетке көшу жоспарын жасауымыз керек. Біз 1 жыл болмасын, 5 жылға болмасын жос­пар­ларымыздың барлығын мұнайдың нарықтағы бағасымен есептейміз. Эко­но­миканың әлі де дамымай жатқан са­лаларына назар аудару қажет. Біз бұдан өтіп, ауыл шаруашылығы, туризм саласы, жеңіл өнеркәсіп, автоөнеркәсіп са­ла­лары­на қаражат бөліп, одан түсетін та­быс­ты болашағымызбен байланыс­тыруы­­мыз қажет. Осы төрт сала мұнай­дан түсетін табыстың орнын баса алады. Табыс түсірмейді дейтін салалардың бар­лығына реформа жасау арқылы клас­тер құрып, табыс түсіретін салаға ай­нал­дыруымыз керек. Серік БЕЙСЕМБАЕВ, әлеуметтанушы: Әлеуметтік реформа­ларды саяси реформалар­сыз жүзеге асыра алмаймыз – Менің ойымша толқулардан кейінгі кризистен Қазақстанның жаңа кезеңге өтуі, өте алу мүмкіндігі саяси рефор­ма­лар­­ды жүзеге асыра алумен байланысты. Яғни Президенттің жалғыз ғана әлеу­меттік-экономикалық мәсе­ле­лерге байланысты айтқан ұсыныстары мен шешімдері қиындықты еңсеруге жет­кіліксіз. Себебі халықтың наразы­лы­ғын тудырған әлеуметтік-экономикалық проб­лемалар болғанымен, оның ар жа­ғын­да тұрған түпкі мәселе – тиімсіз, жем­қорлыққа батқан саяси жүйе бола­тын. Адамдар алаңға шыққан кезде осы­ған қатысты нақты талаптарын айтты да. Сондықтан да жаңа Қазақстанды құру саяси жүйеге қайтадан сыни көзқараспен қарап, қатып қалған, бүгінгі күннің та­лабына сай емес институттарды жаңа де­­мок­ратиялық институттарға алмас­тыр­ғанда ғана мүмкін болады. Сондықтан, менің ойымша, бұл жер­дегі ең негізгі қадам – саяси ре­формаларды едел-жедел бастау болуы керек еді. Бірақ өкінішке қарай, Пре­зи­дент бұл мәселелерді кейінге ысырып қой­ды. Яғни әлеуметтік мәселелерді рет­теуден бұрын саяси реформа жүр­гізілуі керек. Саяси реформа болса, әлеу­меттік проблемалар өздігінен шеші­мін табады дегеніміз емес, бірақ әлеумет­тік реформаларды саяси реформаларсыз жүзеге асыра алмаймыз. Жұмабек САРАБЕКОВ, саясаттанушы: Халықтың сая­си өмірге заңды негіз­де араласуы­на мүмкін­дік­ті арттыру керек – Реформалар, ең алдымен қаңтар оқи­­ғаларына ұқсас сценарийдің қай­та­лан­бауы үшін керек, себебі «Жаңа Қазақ­стан­­ды» құру процесі ұзақ мерзімді талап ете­ді. Яғни, қоғамдағы ең өзекті мә­се­ле­лердің шешімін кейінге қалдырмай, жа­қын арада табу қажет. Тиісінше қазіргі сәт­те билік тарапынан қоғам талабын­дағы өзгерістерге жауап беретін саяси қадамдар жасалуы керек. Ол қандай қадамдар дейтін бол­сақ, әрине ең алдымен – әлеумет­тік-эко­но­ми­калық саладағы реформалар. Тол­қулар­дың басталуына бірден-бір се­беп аза­маттардың экономикалық әл-ау­қа­тының төмендеуі екені белгілі. Бұл процесс соңғы бесжылдықта ерекше қар­қын­мен жүрді. Мысалы, соңғы екі жыл­да бағаның өсуі тек ресми көрсет­кіш­тер бойынша рекордтық деңгейге жақын­дады. Одан бөлек мемлекеттік сек­тор­дан тыс жұмыс істейтін азаматтар­дың қалтасына соққы болған пандемия шектеулері де бар. Бір сөзбен айтқанда, өзгерістер қазақстандықтардың өмір сүру дең­гейін жоғарылатуға бағытталуы керек. Бірақ бұл ретте билік популизмға ұрын­бай, яғни ұлттық қордағы ақшаны жай ғана үлестіріп беру немесе қарыз­дар­ды кешіре салумен шектелмей, жүйелі шешімдер ұсынуы маңызды. Ең алдымен, жаңа жұмыс орындарын құру, инфляция қысымын азайту, жеке бизнестің өр­кендеуіне жағдай жасау және жалпы алған­да ұлттық экономиканы әртарап­тан­дыру сияқты мәселелермен шұғыл­дануы керек. Сонымен бірге, әлеуметтік-эконо­микалық мәселелерден бөлек, саясат саласында реформаларды жалғастыру маңызды. Азаматтардың саяси белсен­ділігінің артып келе жатқанын ескерсек, осы толқынды легитимді бағытқа бұра­тын шешімдер қажет. Яғни тұрғындардың саяси өмірге заңды негізде араласуына деген мүмкіндіктерді арттыру керек. Одан бөлек, алдағы уақытта болатын сай­лау науқандарын сапалы өткізу, жал­пы саяси бәсекелестіктің деңгейін арт­тыру, партиялардың жұмыс тиімділігін арттыру сияқты бұрыннан шешілмей келе жатқан мәселелерді реттеу аса маңызды.