1 миллиардтан астам адам қан қысымына шалдыққан

1 миллиардтан астам адам қан қысымына шалдыққан

1 миллиардтан астам адам қан қысымына шалдыққан
ашық дереккөзі
Соңғы 40 жылда қан қысымының жоғарылығынан зардап шегетін адамдар саны екі есеге артып, 1,1 миллиардқа жетті. Бұған Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының қатысуымен жүргізілген кең ауқымды зерттеулердің нәтижесі дәлел болып отыр, деп жазады Gazeta.ru. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтерінше, зерттеуге 1975 және 2015 жылдардағы кезең қамтылған. Ғалымдар бұрын гипертония ауқатты адамдарға тән ауру болса, қазір ол жағдайы төмен адамдарда көп кездесетіндігін айтуда. Гипертониядан зардап шегетін адамдар саны Африка мен Оңтүстік Азияда ерекше байқалуда. Жоғары қан қысымынан зардап шегетін азаматтардың жартысы Азия мемлекеттерінде өмір сүріп жатыр. Оңтүстік Корея, АҚШ пен Канада халқы гипертониямен ең аз ауыратын мемлекеттердің қатарында. Алайда, ғалымдар қан қысымының жоғарылығынан зардап шегушілер саны неге кедей мемлекеттерде көп екендігін дәлелдей алмай келеді. Басты себептердің бірі - тұрғындар ұстанатын диетамен байланысты. Бақуатты мемлекеттердің тұрғындары көкөністер мен жемістерді көбірек тұтынады.