Көк түтін арасында туды алып жүрген жігіттің кім екені анықталды (ВИДЕО)

Көк түтін арасында туды алып жүрген жігіттің кім екені анықталды (ВИДЕО)

Көк түтін арасында туды алып жүрген жігіттің кім екені анықталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде жарылған гранаталарға қарамастан түтіннің арасынан көк туымызды ұстап жүрген жігіттің кім екені анықталды, деп хабарлады turkystan.kz. Ол қоғам белсендісі Берік Әбішев екен. Басына мергеннің оғы тиіп, жансақтау бөліміне түскен Берік енді ғана есін жиған.
«Табылды. Әлеуметтік желіде ту ұстап танылған жігіт жаңарықта көзін ашты. Басына снайпердің оғы тиген екен. Жұрт сол жігітті кім деп іздеп таппай, амандық тілеп еді, ес-түссіз жатқан Берік көп болмай көзін ашты. Бұл жігіт - алматылық белсенді Берік Әбішев. Осында оқып отырған барша қазақ бірің қалмай деніне саулық, ұзақ өмір, шипа тілейік. Осындай азаматтар аман болсын!» деп жазды қоғамдық белсенді Жәнібек Иманәзір.