Сенатор ауыл тұрғындарының 35 мың теңгеге күнкөріп жатқанын ескертті

Сенатор ауыл тұрғындарының 35 мың теңгеге күнкөріп жатқанын ескертті

Сенатор ауыл тұрғындарының 35 мың теңгеге күнкөріп жатқанын ескертті
ашық дереккөзі
Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев еліміздегі әлеуметтік жағдайы ең нашар адамдар ауыл тұрғындары екенін айтып, Үкіметтің назарын осы мәселеге аударды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Ауылдағы отбасылардың кейбірі «шықпа жаным, шықпа» деп күн көріп жатыр. Ресми органдардың ауылдағы жұмыссыздық деңгейі туралы ұсынған статистикасы бояма сандар екенін талай айттық. Мысалы, ауылдарда 181 мың адам жұмыссыз деп көрсетілген», - деді сенатор.
Оның айтуынша, депутаттар барлық аудандағы ауылдарда әлеуметтік сауалнама жүргізген.
«Жұмыссыздық халықтың соры болды. Сауалнама ауыл тұрғындарының нақты табысы айына 35 мың теңге екенін көрсетті. Мұндай ақшаға қалай өмір сүруге болады?» - деп күйінді Ақылбек Күрішбаев.