«Төрт баланың өлімі»: екі газ компаниясының басшылары сотталды

«Төрт баланың өлімі»: екі газ компаниясының басшылары сотталды

«Төрт баланың өлімі»: екі газ компаниясының басшылары сотталды
ашық дереккөзі
Түркістанда төрт бала мен олардың анасының өліміне қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты, деп жазды turkystan.kz. Бұл қайғылы оқиға 2021 жылдың 27 ақпанында Түркістан қаласында орын алған болатын. Жеке тұрғын үйлердің бірінен 40 жастағы әйел мен 2004, 2006, 2013 және 2016 жылы туған балалардың мәйіті табылған-ды. Сараптамаға сәйкес, олар иіс тиіп қайтыс болған. Бұл іске қатысты қылмыстық кодекстің 306-бабының 3-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Бірден сот-технологиялық сараптама жүргізілді. Нәтижесінде сарапшылар газ желілерін монтаждау және орнату құрылыс нормаларына сәйкес емес деген қорытындыға келді. Яғни, газ жабдықтарын орнату кезінде жауапты мамандар бірқатар қателіктер жіберген. Тұтынушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеді. Өкінішке қарай, бұл адам өліміне әкелді», – деді тергеу жетекшісі Жалғасов.
2021 жылдың мамыр және сәуір айларында сот екі компанияның директорларын қамауға алуға рұқсат берді. Тергеу жеті айға жуық уақытқа созылды. Осы уақыт ішінде біз түрлі сараптамалар жүргізіліп, дәлелдемелер жиналды. Нәтижесінде сот лауазымды тұлғаларды төрт жылға бас бостандығынан айырды.