Бауырына құрт түскен алматылық әйелдің ішінен 3,5 келі ісік табылды

Бауырына құрт түскен алматылық әйелдің ішінен 3,5 келі ісік табылды

Бауырына құрт түскен алматылық әйелдің ішінен 3,5 келі ісік табылды
ашық дереккөзі
Алматылық дәрігерлер күрделі ота жасап, әйелдің оң жақ қабырғасының астындағы үлкен ісікті алып тастады. Науқастың бауырының жартысынан көбін кесіп тастауға тура келген, деп хабарлады turkystan.kz «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап. 50 жастағы әйел ішінің сол жағы ауырлап, формасы өзгергенін байқаған. Содан бірден ауруханаға көрінуге барған. №7 аурухананың дәрігерлері ультрадыбыстық зерттеу арқылы бауырға жақын орналасқан үлкен ісікті анықтап, науқас шұғыл ота үстеліне жатқызылды. Хирургтер күрделі ота жасап, салмағы 3,5 келі тартатын альвеококк кистасын алып тастады. Ота кезінде әйелдің созылмалы вирусты В гепатиті қиындық туғызған. Дегенмен, ем-дом сәтті аяқталды. Науқастың бауырына да паразит түскен. Сол себепті оның 75 пайызын кесіп тастауға тура келіпті. Ота 10 сағатқа созылды. Айта кетсек, бауырдың альвеококкозы бірден білінбейді. Паразит ағзаға түскеннен бастап аурудың белгілері шыққанға дейін 10 жыл, тіпті одан да көп уақыт өтуі мүмкін. Альвеококкоз – паразиттік ауру. Адам ағзасына таспақұрт түскенде бауыр ісіп, көп жағдайда метастаз өкпе мен миға таралады. Басқа ағзаларға да өтуі мүмкін.