Алаяққа алданған мұғалім 750 мың теңгесінен қағылды

Алаяққа алданған мұғалім 750 мың теңгесінен қағылды

Алаяққа алданған мұғалім 750 мың теңгесінен қағылды
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысында мұғалім өзін мектепке жұмысқа орналастыруға уәде берген алаяққа алданып қалды, деп жазды turkystan.kz. Белгілі болғандай, жас маман өз қызметі үшін 750 мың теңге сұраған алаяқ әйелге ақшасын берген. Бірақ ақыр соңында жұмысқа кіре алмаған соң полицияға арыз жазған. Бұл оқиғаға қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
«Ұсталған азаматша кінәсін толық мойындады. Өз әрекетіне өкінетінін айтып, жәбірленушіден кешірім сұрады. Сондай-ақ ол соттан өзіне қатаң жаза тағайындамауды өтінді. Сот үкімімен әйел адам кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді Мұнайлы аудандық сотының судьясы Берік Өтеев.