Бес кісіні өлтірген Дужновты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Бес кісіні өлтірген Дужновты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Бес кісіні өлтірген Дужновты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
ашық дереккөзі
Алматылық атқыш Игорь Дужновтың қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп жазды turkystan.kz.
«19 қаңтарда тергеу соты Игорь Дужновты қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға, яғни 20 ақпанға дейін ұзарту туралы өтінішті қанағаттандырды», - деді қалалық соттың ресми өкілі Абай Жарылқасын.
Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 20 қыркүйекте болған еді. Ақбұлақ шағынауданындағы үй иесінің бірі аңшы мылтығынан оқ атып, 5 адамды өлтірген. Қаза тапқандар арасында 2 полиция қызметкері, сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа иесі мен куәгер бар.