«Соғыс жүріп жатқанына сегізінші жыл болды»: Зеленский үндеу жасады

«Соғыс жүріп жатқанына сегізінші жыл болды»: Зеленский үндеу жасады

«Соғыс жүріп жатқанына сегізінші жыл болды»: Зеленский үндеу жасады
ашық дереккөзі
Украина президенті Владимир Зеленский ел азаматтарына үндеу жасап, оларды кейінгі жаңалықтарға байланысты үрейленбеуге шақырды, деп жазды turkystan.kz РИА Новостиге сілтеме жасап. Украина басшысының ресми сайтында «Үрейленбеңіз. Украинаға және әлемге сеніңіз» атты жазба жарияланды. Зеленскийдің айтуынша, ақпараттық кеңістік дәл ертең басталуы мүмкін Ресеймен ықтимал қақтығыс туралы хабарламаларға толы. Президент бұл тәуекелдер бұрыннан бар екенін және одан бері ұлғая қоймағанын айтады.
«Украиндарды үрейленбеуге және жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамын. Соғыс жүріп жатқанына сегізінші жыл болды. Қазір дүрбелең туғызып, жағдайды ушықтыратын, қарақұмық пен сіріңке сатып алатын уақыт емес», - деді Владимир Зеленский.
Сондай-ақ ол украиндарды, әсіресе қарт адамдарды сабырға, ал БАҚ-ты жаппай дүрбелең туғызу құралына айналмауға шақырды. Президент Украинаның бұл соғысты қаламайтынын, бірақ оған әрқашан дайын болуы керектігін атап айтты.
«Біз бәрін білеміз және бәріне дайынбыз, бірақ оны болдырмас үшін бәрін істеп жатырмыз. Біз мұны дипломатия арқылы шешу үшін бәрін жасап жатырмыз. Не істеу керек? Тек бір нәрсе – сабырлы болу керек», - деген Зеленский, елдің қорғаныс қабілетін ұдайы нығайтып жатқанын, әскер бәріне дайын екенін ескертті.