«Жібек жолы-2017» раллиінің жаңа бағдары белгіленді

«Жібек жолы-2017» раллиінің жаңа бағдары белгіленді

«Жібек жолы-2017» раллиінің жаңа бағдары белгіленді
ашық дереккөзі
Жібек жолы танымал халықаралық  ралли-рейді 2017 жылы өз бағдарын өзгертеді. Әдеттегідей Мәскеудегі Қызыл алаңда басталатын ралли Қытай өркениетінің бесігі болған Сиань қаласында өз мәресіне жетпек, деп хабарлайды motormania.ru «Жібек жолы-2017» бұрынғыдай Ресей, Қазақстан және Қытай аумағынан жүріп өтеді. Сайыс 2017 жылы 7 шілдеде Мәскеудегі Қызыл алаңда басталады. Ралли-рейд қатысушылары 2 апта бойы жолсыз жермен тартысты жарысқа түседі. «Жібек жолы-2017» ралли-рейдінің мәресі 22 шілде күні Сиань қаласында болады деп жоспарланған. Бұл қала ежелгі Қытай өркениетінің бесігі болуымен танымал. «Жібек жолы-2017» ралли-рейдінің дирекциясын әдеттегідей танымал ресейлік автошабандоз Владимир Чагин басқарады. Ол кезінде Дакар ралли-марафонына жарыс КамАЗ-дармен қатысқан. «Жібек жолы-2017» ралли-рейдіне өтінімдер 2017 жылдың 10 қаңтарынан бастап қабылданады. Соңғы өтінім қабылдау күні - 1 маусым.