«Қару-жарақтың дені – 30-50 жыл бұрынғы, Кеңес дәуірінен қалған» - Тоқаев

«Қару-жарақтың дені – 30-50 жыл бұрынғы, Кеңес дәуірінен қалған» - Тоқаев

«Қару-жарақтың дені – 30-50 жыл бұрынғы, Кеңес дәуірінен қалған» - Тоқаев
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қару-жарақтың ескіргенін, Кеңес Одағы кезінен қалғанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Әскердегі қару-жарақтың дені – 30-50 жыл болған Кеңес дәуіріндегі техника. Ескірген техникалардың мерзімінің өткеніне байланысты, қару-жарақ паркін жаңарту үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Қарулы Күштер заманауи әрі жоғары технологиялық қару-жарақпен, әскери техникамен жабдықталуы тиіс. Қабылданатын шаралар жүйелі болуы керек. Қару-жарақ пен әскери техниканы жөндейтін, оларға қызмет көрсететін отандық өндірісті дамыту қажет», – деді Президент жаңа Қорғаныс министрін таныстыру кезінде.
Осы орайда, ол әскердің шұғыл әрекет ету қабілетін арттырып, әскери-транспорттық авиацияның әлеуетін күшейту қажет екеніне де тоқталды. Ол үшін әскери борышты өтеу міндетінің беделін көтеріп, абыройын арттыру қажет.