Утильалымның жаңа мөлшерлемесі қашан бекітілетіні белгілі болды

Утильалымның жаңа мөлшерлемесі қашан бекітілетіні белгілі болды

Утильалымның жаңа мөлшерлемесі қашан бекітілетіні белгілі болды
ашық дереккөзі
Елімізде жаңа утилизациялық алым ақпан айының соңына дейін бекітіледі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады, деп жазды turkystan.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 18 қаңтарда Үкімет «Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады.
«ӨКМ Операторының» кәдеге жарату алымын әкімшілендіру және тиісті қаражаттарға билік ету бөлігіндегі қызметі тоқтатылды. Бүгінгі күні тиісті уәкілетті органдар активтерді мемлекеттік меншікке беру, уәкілетті органдардың қорытындыларын ұсыну, жаңа оператордың балансына беру, акционерлік қоғамды әділет органдарында қайта тіркеу және тағы басқалары бойынша шаралар қабылдауда», - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәдеге жарату алымының коэффициенттерін қайта қарау бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған.
«Бұл мөлшерлемелер биылғы жылдың ақпан айының соңына дейін қаралып, бекітілетін болады. Жоғарыда көрсетілген жұмыс тобының қызмет нәтижелері туралы ақпарат министрліктің интернет-ресурсында орналастырылады. Көрсетілген уақытқа дейін кәдеге жарату алымы «Жасыл Даму» операторына қолданыстағы мөлшерлемелер бойынша төленуде», - делінген хабарламада.