«Қайықпен жүр»: Жаңақорған ауданының орталығын су басты (ВИДЕО)

«Қайықпен жүр»: Жаңақорған ауданының орталығын су басты (ВИДЕО)

«Қайықпен жүр»: Жаңақорған ауданының орталығын су басты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қызылорда облысына қарасты Жаңақорған кентінің 3 көшесі лай судың астында қалып, әлеуметтік желіде тұрғындардың қайықпен жүзіп жүрген бейнежазбасы пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Тіпті көшенің ортасында қармақ салып отырғандар да байқалды. Оқиға орнына құтқарушылар жасағы шақырылып, бірнеше сағатта жағдай ретке келтірілді. Арнайы техника көмегімен көшелерден 350 тонна су шығарылды. Қазіргі таңда қарғын су деңгейі төмендеді. Тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ. Гидромамандар ахуалды ұдайы бақылап отырады.