«Кәсіпкерді қинағанша, миллиардтап ұрлағандарды ұстаңдар» - Азат Перуашев

«Кәсіпкерді қинағанша, миллиардтап ұрлағандарды ұстаңдар» - Азат Перуашев

«Кәсіпкерді қинағанша, миллиардтап ұрлағандарды ұстаңдар» - Азат Перуашев
ашық дереккөзі
Мәжілісте депутат Азат Перуашев Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында шағын және орта бизнестің жағдайын сынға алды, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап. Депутаттың айтуынша, адамдар жаппай кәсіпкерлікпен айналысуы үшін шағын бизнеске кассалық салық салудан бас тарту керек.
- Мыңдаған кәсіпкерлерді қорқытып, адамдардың банк карталарын бақылап-тексергенше, миллиардтап ақша ұрлайтындарды ұстаған дұрыс шығар? Бізге патенттерге көшу қажет. Мысалы, салық органдары дәмхана немесе шеберхананың 1 жылда жалпы қанша салық төлеуі керек екенін есептеп береді. Сосын кәсіпкер мемлекеттен осы патентті сатып алады да, оны ешкім мазаламайды. Осылайша, кәсіпкерді жыл бойы тексермейді, айыппұл салмайды, кассалық чектерін бақыламайды. Біреу қосымша 5 немесе 500 теңге артық тапса, ештеңе етпейді, - деді Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.