Қырғыздар Google-ға салық сала бастады

Қырғыздар Google-ға салық сала бастады

Қырғыздар Google-ға салық сала бастады
ашық дереккөзі
Қырғызстан әлемдегі ең көп қолданылатын іздеу жүйесі Google сияқты шетелдік компанияларға салық сала бастады, деп хабарлады turkystan.kz. Президент Садыр Жапаров 2021 жылғы 22 желтоқсанда Парламент қабылдаған Салық кодексінің жаңа нормаларына қол қойды. 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа заңның ережелері президент әкімшілігінің ресми сайтында жарияланған. Кодекс электрондық коммерция саласындағы қызметке салықты табыстың 2 пайызы мөлшерінде белгілейді. Сондай-ақ шетелдік компаниялардың қызметтеріне ҚҚС енгізілген. Сонымен қатар, базарларда, шағын дүкендерде, сауда орталықтарында және тұрғын үйлерде жұмыс істейтіндер үшін бақылау-кассалық машиналарды пайдалану міндетті болды.