Украина соты Порошенконың құжаттарын тартып алды

Украина соты Порошенконың құжаттарын тартып алды

Украина соты Порошенконың құжаттарын тартып алды
ашық дереккөзі
Киевтің Печерск соты Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенкоға жеке міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі, деп хабарлады turkystan.kz.  Сонымен қатар шет елге шығу үшін қолданылатын төлқұжаттарын тапсыруды міндеттеген. Сот айыптаушы тараптың Украинаның бұрынғы басшысын қамауға алу өтінішін қанағаттандырмады. Айта кетейік, Порошенко 17 қаңтарда Варшавадан Киевке арнайы ұшып келген. Бұрынғы президентке Донбасстан көмірді заңсыз шығаруға қатысты «мемлекетке опасыздық жасау» баптары бойынша айып тағылып отыр.