Шымкенттік полицей Президентке үндеу жолдады (ВИДЕО)

Шымкенттік полицей Президентке үндеу жолдады (ВИДЕО)

Шымкенттік полицей Президентке үндеу жолдады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада өзін Шымкент қалалық Полиция департаментінде рота командирімін деп таныстырған Азамат есімді ер адам бастығының ұзақ уақыт бойы қымбат заттар сатып алуға мәжбүрлеп келгенін баяндаған, деп жазды turkystan.kz.
«Мен бұған дейін ІІМ-не Шымкент қалалық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы М. Бұхарбаевтың үстінен рапорт жазғанмын. Ол өзінің қызметін асыра пайдаланып, маған қымбат заттар сатып алғызды. Айғақтарымды тергеушілерге өткіздім. Бірақ, осыншама дәлелдің бар екеніне қарамастан, М. Бұхарбаев әлі күнге дейін өз лауазымында отыр. Мұны қалай түсінуге болады? Істі Шымкент қалалық ҰҚК-не өткізген, бірақ арты белгісіз болып кетті. Белгісіз адамдар маған хабарласып, рапортты кері қайтарып алсам, 10 млн теңге беретіндерін айтып жатыр. Алайда, мен адал полицей болғандықтан мұндай қадамға бармаймын. Департамент басшысы Ералы Жұмағамбетов мұндай қызметкерді әлі күнге дейін орнында ұстап отыр? Құрметті Президент, мен Қазақстандағы барлық полицейдің өз ісіне және халыққа адал болғанын қалаймын. Маған көмек беруіңізді сұраймын», – деді шағымданған полицей.
Аталған жағдайға байланысты Шымкент Полиция департаменті пікір білдіріп үлгерген екен. Онда Шымкент қаласының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы М. Бұхарбаевқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны айтылған.
«Бүгінгі таңда оны атқарып отырған лауазымынан босату жөнінде Ішкі істер министрлігіне ұсыныс жолданды», – деді департамент өкілі.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от 🇰🇿© ZTB QAZAQSTAN 2022 (@ztb_video)