Алматыда қаза тапқан курсанттың жан тебірентерлік видеосы жарияланды

Алматыда қаза тапқан курсанттың жан тебірентерлік видеосы жарияланды

Алматыда қаза тапқан курсанттың жан тебірентерлік видеосы жарияланды
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Алматыдағы бүлік кезінде қаза тапқан Мейірхан Бітімнің өмірбаяны көрсетілген бейнежазба жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz. Бейнежазбада ҰҚК Шекара академиясының курсанты Мейірхан Бітімнің бала кезіндегі, мектеп қабырғасындағы және соңғы уақыттарда түскен фото-видеолары көрсетілген.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Қазақ жерінде 🇰🇿 (@qazaq_jerinde)

Желі қолданушылары жас жігіттің өмірден ерте кеткеніне өкініш білдіріп, түрлі пікір қалдыруда. Мейірхан Бітім – Ақтау қаласындағы №11 мамандандырылған физика-математика гимназиясының түлегі. Мектептен кейін Мейірхан Алматыдағы ҰҚК Шекара академиясына оқуға түскен. Мемлекет басшысының әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ Мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін еліміздің бірқатар азаматтарын мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулысына сәйкес, Мейірхан Бітім ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды. Еске салайық, 6 қаңтар кешкі уақытта Алматы қаласындағы Шекара академиясына кіреберісте бүлікшілермен атыс басталып, оқу орнының бірнеше қызметкері мен курсанттар қаза тапқан еді. Атап айтқанда, академияны қорғап, үш курсант қаза тапқан. Олар Жұпарбеков Дәулет Бауыржанұлы, Бітім Мейірхан Ержанұлы және Әділхан Жайық.