«Egov-та – сау, Ashyq-та – ауру»: Тараз тұрғыны министрге шүйлікті

«Egov-та – сау, Ashyq-та – ауру»: Тараз тұрғыны министрге шүйлікті

«Egov-та – сау, Ashyq-та – ауру»: Тараз тұрғыны министрге шүйлікті
ашық дереккөзі
Нұртаза Шоқатай есімді фейсбук қолданушысы екі күннен бері Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа Ashyq қосымшасындағы мәліметке байланысты СЭС ескертуінен кейін үйге қамалғаны жайлы жазба жариялады, деп жазды turkystan.kz. Оның жазуына қарағанда, ол 14 қаңтар күні «Олимп» зертханасына Covid-19-ға байланысты тест тапсырған. Нәтижесі оң шыққан. Бірақ ертеңіне қайта тапсырған сынама қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен. Egov-та да сынаманың теріс нәтиже көрсеткені белгіленген. Бірақ Ashyq қосымшасы Нұртаза Шоқатайдан бұған дейін оң нәтиже анықталуына байланысты 28 қаңтарға дейін қоғамдық орындарға шығуына болмайтыны туралы хабарлаған. Түсініксіз жағдайға тап болған Нұртаза министр Бағдат Мусин мен Ажар Ғиниятқа қарата түрлі жазбалар жариялаған. Ал Бағдат Мусин аталған мәселені шешуге көмек көрсететіні жайлы жауап қатқан. Мәселе жауапты сала өкілдерінің назарына ілінгеніне қарамастан әлі шешімін таппай отыр.
«Барлығына бардым. Шеттерінен стройға тұрғызып, бәрін қырдым. Қолымда екі түрлі нәтиже, екеуінің сынамасы қалай 24 сағатта екі түрлі? 72 сағатқа жарамды екендігі қайда қалды. 3 күн өтті. Статус өзгермеді»,- деп жазды Нұртаза Жиенханұлы фейсбук парақшасында.
Сондай-ақ ол шет елдегі оқуынан қалып қойғаны жайлы сөз еткен. Тіпті дүкенге де Ashyq қосымшасы арқылы кіргізетіндіктен азық-түлік алуға да бара алмай жүргенін жазған.
«Олимптегі» лаборатория мамандары «Ashyq көрсететін жерге invivo отрицательный көрсетіп жүре беріңіз. Біздікін көрсетпеңіз», - деді. Ал Ashyq-сыз «Магнум» да, магазин де кіргізбейді. Аш болсам не істеймін? Тамақты қайдан және қалай аламын? Egov-та ПЦР теріс деп тұрса да, Ashyq өту керек екенмін. BTS Digital қалай жұмыс істейді? Шикіліктің жойылмауына не себеп? Халық сенбесе, бүкіл «Олимпты» өртеп жіберуі мүмкін! Ашынған халықтан бәрін күтуге болады.  АҚШ-та 5 күн оқшауланып, сосын 90 күн ПЦР-сіз жүруге болады. Англияда 10 күн ғана оқшауланады. Екі елде де содан кейінгі және дейінгі күндер маска режимінде жүру міндет», - деді ол.
Барлық жоспары күл-талқан болған азаматтың мәселесі қашан және қалай шешілетіні көпшіліктің де қызығушылығын тудырған сыңайлы. Әлеуметтік желіде оған қолдау білдіріп, жылы пікірін арнап жатқандар да бар. Соған қарамастан Нұртаза Шоқатайдың ашуы тарқар емес.
«Әділетсіз елде тіршілік еткенше кете салған жақсы-ау! Заманбек пен Алтынбек түсімде бекер қол бұлғап шақырмаса керек. Кешірдім! Сендер де кешіріңдер! Қош!» деп жазды ашынған азамат әлеуметтік желіде.