«Сырқаттану жиіледі»: Қазақстанда локдаун енгізіле ме?

«Сырқаттану жиіледі»: Қазақстанда локдаун енгізіле ме?

«Сырқаттану жиіледі»: Қазақстанда локдаун енгізіле ме?
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты локдаунның енгізілу мүмкіндігінің бар-жоғын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазіргі сәтте ел аумағында локдаун енгізу туралы жоспар да, болжам да жоқ. Біз қолданып отырған барлық шектеу шаралары денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені азайтуға, коронавирустық инфекциядан болатын өлім-жітімді азайтуға бағытталған. Ал шұғыл көмек барлық халыққа қолжетімді», - деп атап өтті Ажар Ғиният бүгінгі брифингте.
Оның айтуынша, алдағы уақытта шектеу шаралары әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сараланып қолданылатын болады. Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда да «Омикрон» тез таралуда және бүгінде Түркістан облысын қоспағанда, барлық өңір «қызыл» аймақта орналасқан.
«Соңғы айда коронавирустық инфекциямен ауыру 19,6 есе, репродуктивті сан 2,1 есе, COVID-19-ға тестілеудің тәуліктік көлемі 3,5 есе артып, тәулігіне 50 мың тестке жетті», - деді Денсаулық сақтау министрі.
Министрдің айтуынша, соңғы айда өлім саны 2-2,5 есе азайған.
«COVID-19 ауруының 60% - дан астамы үш аймаққа тиесілі. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында сырқаттанушылық 32 есе өсті, бұл ретте тестілеу деңгейі ел бойынша ең жоғары және тәулігіне 10 мыңнан астам тестіні құрайды», - деді А.Ғиният.