«Бір шаңырақтың астында тұрамыз...»: ойыққа шомылып жүрген қазақ көп (ВИДЕО)

«Бір шаңырақтың астында тұрамыз...»: ойыққа шомылып жүрген қазақ көп (ВИДЕО)

«Бір шаңырақтың астында тұрамыз...»: ойыққа шомылып жүрген қазақ көп (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Youtube-та қазақ жігіттерінің православтарды Крещение Господне мерекесімен құттықтаған видеосы жарияланды, деп жазды turkystan.kz.
«Құрметті бауырлас православие халқы, сіздерді Крещение мерекесімен құттықтаймыз! Қоғамда неліктен қазақтар, неге өзге діннің өкілдері мұз ойыққа шомылып жатыр деген сынды пікірталас көп. Бар айтарым, біз үшін бұл - адреналин. Сіздер біздің мерекелерімізді қалай қолдасаңыздар, біз де сіздердердің мерекелеріңізді солай құрметтеуіміз керек. Себебі, біз Қазақстан деп аталатын бір шаңырақтың астында тұрамыз. Сондықтан дос әрі бауыр болудан басқа амалымыз жоқ», – деді видеодағы ер адам.
Желі қолданушылары бұл құттықтауға төмендегідей жылы жауап берді:
«Ұлтына қарамастан әрқашан да осылай болу керек», «Жарайсыңдар, жігіттер! Бәрін дұрыс айттың. Біз бір елде тұрамыз, демек бәрі ортақ», «Рахмет, жігіттер! Баршаңызға денсаулық, туған Қазақстанымызға бейбітшілік пен амандық тілеймін», «Тамаша айтылған!», «Дұрыс айтты, Біз бәріміз бауырлармыз және бір отбасыда тұрамыз», «Біз бәріміз біргеміз» десті көпшілік.