Қалибек Қуанышбаев атындағы театрға - 25 жыл

Қалибек Қуанышбаев атындағы театрға - 25 жыл

Қалибек Қуанышбаев атындағы театрға - 25 жыл
ашық дереккөзі
Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына бүгін 25 жыл толды. Айтулы күнмен театр ұжымын құттықтауға Қазақстан мен Ресейдің белгілі мәдениет қайраткерлері мен халық әртістері келді. Мерейтойға орай театр тарихы туралы кітаптың тұсаукесер рәсімі мен Қалибек Қуанышбаевтың ескерткіш-мүсінінің ашылу салтанаты өтті.
«Бүгінгі қуаныш – тек қана біздің театрдың ғана емес, қазақ мәдениетінің, қазақ әдебиетінің, қазақ руханиятының тойы. Өйткені мәдениет қашанда халыққа ортақ, жақын болуы тиіс. Біз – Тәуелсіздіктің төл құрдасымыз. Біздің театр бар болғаны 25-те. Қазақ мұны «Ай-хай 25» деп айтады. Бұл –тәжірибе жинаған кез», — деді Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменов. Театрды құттықтауға келген Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов: «Бұл – үлкен мейрам. 25 жыл деген үлкен дата емес. Бірақ театр үшін үлкен. Бұл театр – жаңа заманға жаңа көзқарасымен келген театр. Бұл театрды мен жақсы көремін. Мұнда көптеген жақсы спектакль бар. Режиссура бар. Сондықтан жақсы көремін», — деді.