«Бүгінгі қуаныш – тек қана біздің театрдың ғана емес, қазақ мәдениетінің, қазақ әдебиетінің, қазақ руханиятының тойы. Өйткені мәдениет қашанда халыққа ортақ, жақын болуы тиіс. Біз – Тәуелсіздіктің төл құрдасымыз. Біздің театр бар болғаны 25-те. Қазақ мұны «Ай-хай 25» деп айтады. Бұл –тәжірибе жинаған кез», — деді Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменов.
Театрды құттықтауға келген Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов: «Бұл – үлкен мейрам. 25 жыл деген үлкен дата емес. Бірақ театр үшін үлкен. Бұл театр – жаңа заманға жаңа көзқарасымен келген театр. Бұл театрды мен жақсы көремін. Мұнда көптеген жақсы спектакль бар. Режиссура бар. Сондықтан жақсы көремін», — деді.