Жаңалықтар

Тапалтақ жігітке тұрмысқа шыққан қыз «хитқа» айналды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Тапалтақ жігітке тұрмысқа шыққан қыз «хитқа» айналды (ВИДЕО)

TikTok-та ерекше жұптың видеосы тарады. Видеода қалыңдық өзінен бойы кіші жігітке тұрмысқа шыққаны көрсетілген. Желідегі көптеген адам видеодағы күйеу жігіт оқушы екен деп ойлап қалған. Алайда ол ешқандай да оқушы емес. Видеодағы қалыңдық Гүлзат Әуезбекова 1999, ал жары Ғалымжан Бағытжанов 1996 жылы туған. Гүлзат Tengrinews.kz сайтының тілшісіне жарымен қалай бас қосқанын әңгімелеп берді, деп хабарлады turkystan.kz. Желіде тараған видеоны көрген жұрт екі жасқа тәнті болған. Түрлі пікір жазылған. Оның ішінде хейт те жоқ емес. «Жарайсың, осындай қыздарға құрметпен қараймнын, қазір мұндай қыздар аз», «Бақытты болсын, Алла солай жаратқан, күлуге ешкімнің хақы жоқ», «Махаббат бойға, жасқа қарамайды, жұптарың жазылмасын!» - деп жазды қолданушылар. Гүлзат Ақтөбе облысының тумасы, жасы 22-де. Қарапайым отбасында өскен, өзінен кейін артынан ерген сіңлісі бар. Гүлзат жары Ғалымжан Бағытжановпен қалай танысқанын әңгімелеп берді. «Бір күні «ВКонтакте» әлеуметтік желісіне кірсем, біраз адам жазыпты. Сол кісілердің арасынан тек бір адамға жауап бердім, ол Ғалымжан еді. Ойымда ештеңе жоқ, бірден сөйлесіп кеттік. Парақшасында тек бір сурет болды, онда да толық түспеген, бойы туралы білмеген едім. Сөйтіп WhatsApp арқылы сөйлесе бастадық. Бір күні суретін салды, бойы кішкентай жігіт тұр екен! Мен әрі ойланып, бері ойланып сұрауға бата алмадым. Ақыры “суреттегі кім?” деп сұрап едім "Ол мен" деді. Бірақ ары қарай қазбалап сұрамадым. Жақыннан түсірілген сурет болар деп ойладым», - дейді Гүлзат.  Осылайша екеуі біраз сөйлесіп жүрген. Гүлзаттың болашақ жары оны қонаққа көп шақыратын болған. Бірақ ол көбіне бас тартқан. «Неге екенін білмеймін, қорыққан шығармын. Бірақ Ғалымжанмен сөйлескім келіп тұратын, ол кісімен сөйлескен қызық еді. Көрмесем де бұрыннан таныс, жақын адамымдай болып кетті. Көп ойланып, кездесуді жөн көрдім. Келісіп, кездестік. Содан, не керек, шошып кеттім. Іштей «Не істеп жүрмін? Ата-анам білсе не болады?» деген ойлар келді», - дейді Гүлзат. Гүлзат кездескеннен кейін бес минуттан соң "үйге қайтайын" деп кетіп қалған. Ғалымжан да ештеңе демеген. «Сонымен нөмірін, бәрін өшіріп тастадым. Неліктен олай істегенімді білмеймін. Бұл қате деп ойлап, алыс болғаным дұрыс болар деп ойладым. Көп сөйлеспей кеттік. Бірақ күнде ойымнан кетпейді. Өзімді кінәлі сезініп, сөйлесіп көрсем қайтер деп ойладым», - дейді Гүлзат. Осылайша Гүлзат үш айдан кейін өзі қайтадан Ғалымжанға жазған. Бірақ қайта жазбас бұрын өзінің ата-анасымен ақылдасып, олардың рұқсатын алған. @bikhanoova0 Сізді маған Тәңірдің өзі сыйлаған❤️ #бакыттыотбасы #бакыттыболыныздар👩‍❤️‍💋‍👨❤️ #бакытымсын #бакыттымынозинмен❤️ ♬ оригинальный звук - Gulzat🕊 «Мені ата-анам қолдады. Қарсы болмады. «Алда не күтіп тұрғанын білмейміз ғой, сен бақытты болсаң болды» деп батасын берді. Ал жақындарым мен туыстарыма келер болсақ, негізі Instagram-ға суреттер салып жүрдім. Мүмкін көрген де болар, бірақ ешқайсысы жағымсыз пікір айтпады. Достарым бастапқыда сенбей, өтірік деп ойлап, біраз уақыт сене алмай жүрді. «Ұят емес пе? Әп-әдемі жігіттер толып тұр ғой» дегендер де болды. Ғалымжан да әп-әдемі жігіт негізі! Дегенмен өз таңдауымды ата-анаммен ақылдаспай тұрып жасап қойғанмын. Бұл кісі менің маңдайыма жазылған тағдырым деп білемін! Кім не айтса, айта берсін! Бастысы, Аллаға шүкір, біз бақыттымыз!» - дейді ол.