«Шымкентте лауазымды полицейге қатысты тергеу басталды» – ПД

«Шымкентте лауазымды полицейге қатысты тергеу басталды» – ПД

«Шымкентте лауазымды полицейге қатысты тергеу басталды» – ПД
ашық дереккөзі
Шаһардың жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Мұхтар Бұхарбаевқа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласының Полиция департаменті хабарлады, деп жазды turkystan.kz.
«Шымкент қаласының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Мұхтар Бұхарбаевқа қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазір Ішкі істер министрлігіне оны қызметінен босату туралы ұсыныс жолданды», - делінген хабарламада.
Подполковник Мұхтар Бұхарбаев бұл лауазымға 2020 жылдың қараша айында тағайындалған болатын. Айта кетейік, Telegram әлеуметтік желісінде қалалық Полиция департаменті рота командирінің видеосы жарияланған болатын. Президент пен Ішкі істер министрінен араша сұраған офицердің айтуынша, жергілікті полиция қызметінің бастығы оны түрлі жиһаз, құрал-жабдық, iPhone-ға құлаққап сияқты қымбат заттарды сатып алуға мәжбүрлеген.
«Барлық дәлелдерді тергеуге бердік. Соған қарамастан М.Бұхарбаев әлі күнге дейін өз орнында отыр. Іс Шымкент қаласының ҰҚК-не тапсырылды. Арызымды алу үшін маған белгісіз адамдар 10 миллион теңге ұсынып отыр. Мен адал полиция қызметкерімін, бұл ұсынысты қабылдамаймын», - деді видео авторы.