Жаңалықтар

2020-2021 жж. «Халық» қоры қайырымдылыққа 18 млрд. теңге бағыттады

ашық дереккөзі

2020-2021 жж. «Халық» қоры қайырымдылыққа 18 млрд. теңге бағыттады

Әлеуметтік жобаларды, сондай-ақ спорт, білім және мәдениет саласындағы жобаларды іске асыру және қолдау мақсатында 2016 жылы құрылған «Халық» қайырымдылық қоры 2020-2021 жж. аралығындағы қызметінің қорытындысын шығарды: көрсетілген қайырымдылық көмектің жалпы көлемі 18 млрд теңге. «Халық» Қайырымдылық қорының осы кезеңдегі басым жобасы коронавирус инфекциясы таралуының зардаптарымен күресу және отандастарымызды қолдау болды: 2020 жылы елде COVID-19 таралуына байланысты төтенше жағдай енгізілудің алғашқы күндерінен бастап Қор орасан зор жұмыс атқарды және ең алғашқылардың бірі болып, жан түршігерлік вируспен «майданда» күресіп жатқан қазақстандықтарға, сонымен қатар, карантин кезінде қалайда болса зардап шеккен қазақстандықтарға қаржылай көмек көрсетті. Жалпы сомасы 5,1 млрд теңгеге: қажетті медициналық жабдықтарды сатып алуы қаржыландырылды; жедел жәрдем автомобильдері сатып алынды; COVID-19-мен күресу үшін қымбат медициналық препараттар, жеке қорғаныс құралдары мен көптеген басқа да құралдар сатып алынды. Қор сондай-ақ «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорына коронавирус инфекциясының салдарын жою мақсатпен көмек көрсетті – қаражат еліміздің әр өңірінен әлеуметтік осал азаматтарға атаулы материалдық көмек көрсетуіне бағытталды. «Халық» Қайырымдылық қоры жаңа инфекцияның таралуына жанқиярлықпен қарсылық көрсеткендерді назардан тыс қалдырмады. Орасан зор жүктемеге, инфекция қаупіне, белгісіз вирусқа және моральдық күйзеліске қарамастан отандастарымыздың өмірі мен денсаулығы үшін күрескен Қазақстан дәрігерлерінің ерлігін мойындай отырып, Қор 2020 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында медицина қызметкерлеріне ақшалай төлемдер жасады. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері мен ұйымдарын медицина саласындағы көрнекті кәсіпқойлығы үшін, сондай-ақ Қазақстандағы COVID-19 коронавирус пандемиясымен күреске қосқан үлкен үлесі үшін көтермелеу мақсатында «Халық» Қоры жалпы қоры 220 000 000 теңгеден құрылған бірегей «Halyq Qurmeti» сыйлықақысын тағайындады. Балалар мен жастар арасында сапалы білім беруді дамыту «Халық» Қорының қайырымдылық қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осы мақсатта «Халық» Қоры «Ozgeris powered by Halyk Fund» жобасын бастамашылық етті – бұл жастар арасында заманауи әлемде қажетті кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға көмектесетін Қазақстандағы мектеп оқушыларына арналған бірінші онлайн-бизнес-инкубатор. Жоба аясында «Халық» Қайырымдылық қоры мектеп оқушыларының шағын кәсіпкерліктерін дамыту мақсатында 200 грант бөлді. Сондай-ақ дарынды және ынталы балаларға қолдау көрсету мақсатында «Халық» Қайырымдылық қоры 2021 жылы Алматы қаласындағы «Мирас» Халықаралық мектебінде оқуға гранттар белгіледі. Ал Алматы қаласы білім беру қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін дамыту мақсатында жыл сайынғы Алматыдағы мұғалімдерге арналған «Almaty Digital Ustaz» қалалық байқауы аясында Қор көмек көрсетті.  Қор ешқашан шетте қалмайды және балаларға дер кезінде қайырымдылық көмек көрсетеді: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында 2020 жылы «Мектепке жол» кең ауқымды қайырымдылық науқанының аясында аз қамтылған және көп балалы отбасыларының бірінші сынып оқушылары Қордың арқасында арқа қоржындар ​​мен оқу құралдары жинақтарымен қамтамасыз етілді; Қор №1 Балалар үйінің барлық тәрбиеленушілеріне ақшалай төлемдер жасады; Қор қаражатына отбасылық балалар үйлері, «SOS балалар ауылындағы» пәтерлері жиһаздармен және құралдармен жабдықталды.