Жаңа оператор - «Жасыл даму» АҚ туралы не білеміз?

Жаңа оператор - «Жасыл даму» АҚ туралы не білеміз?

Жаңа оператор - «Жасыл даму» АҚ туралы не білеміз?
ашық дереккөзі
Утильалым жинау құқығынан айырылған «ӨКМ операторының» орнына «Жасыл даму» АҚ келді, деп жазды turkystan.kz. Акционерлік қоғамының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, компания Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне тиесілі. Компания сайты мен есеп контрагентін тексеру сервисі мәліметі бойынша, акционерлік қоғамның бас директоры – Азамат Әлімбаев. Директорлар кеңесі құрамына төмендегі тұлғалар кіреді: Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов; Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы Амангелді Тойбаев; KazWaste қалдықтарды басқару қауымдастығының атқарушы директоры Вера Мұстафина. Рk.uchet.kz деректеріне сәйкес, компания 2013 жылдың 29 наурызында шағын кәсіпорын ретінде тіркелген. 2016-2021 жылдары аралығында 59 миллион теңге салық төлеген. Бір қызығы, жыл басынан бері 10,3 миллион теңге салық төлеген компанияның қазіргі уақытта 4 609 теңгені құрайтын берешегі бар.