Шенеуніктерден тәркіленген ақша жиналатын қор қандай қор?

Шенеуніктерден тәркіленген ақша жиналатын қор қандай қор?

Шенеуніктерден тәркіленген ақша жиналатын қор қандай қор?
ашық дереккөзі
Қазақстанда шенеуніктерден тәркіленген қаражат негізінде қор құрылуы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Euractiv порталының мәліметінше, Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қоғамдық қор құру туралы шешім қабылдағанын» айтқан. Басылым дерегі бойынша, қор сыбайлас жемқорлық жасаған шенеуніктерден тәркіленген мүлік есебінен қаржыландырылады. Бұл ретте әңгіме 11 қаңтарда Мәжілісте Мемлекет басшысы құруды тапсырған «Қазақстан халқына» қорына қатысты ма, жоқ па, нақтыланбайды.
«Мен бұл Президенттің де, Үкіметтің де, басқа да мемлекеттік органның қоры емес екенін баса айтамын. Бұл – барлық қазақстандықтың қоры. Бұл – халық қоры. Ол әкімшілік немесе Үкімет қарамағында жұмыс істемейді. Біз оның қызметінің толық ашықтығын, қоғам алдындағы есептілігін қамтамасыз етеміз», - деген еді Президент.