Қармақшы ауданында құс зауыты салынады

Қармақшы ауданында құс зауыты салынады

Қармақшы ауданында құс зауыты салынады
ашық дереккөзі
Қармақшы ауданында 2017 жылдың көктем айларында жылына 1500 тонна құс етін өндіретін зауыттың құрылысы басталады деп күтілуде. «Ақтөбе и К» ЖШС-нің жобасы Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізілді. Жобаны қаржыландыру «Байқоңыр» ӘКК АҚ-мен бірлескен кәсіпорын құру арқылы жүзеге асырылуы жоспарланған. Бұл туралы Қармақшы ауданының әкімі Т.Мақашов Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Бүгінгі күнге жалпы аудандағы шағын субъектілердің саны 3220-ға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға өсіп отыр. «Жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында несие пайызын субсидиялауға 4 жоба үшін 83,0 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, жобаларды ұйымдастыру және іске асыру  үшін мемлекеттік гранттар беру бойынша 8 жоба бойынша 5,8 млн теңгенің грантын алдық. «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС өндіріс және қызмет көрсету саласындағы 18 жобаға 130,18 млн теңге несие алып, жұмыстарын бастады», — деді аудан әкімі.