Бүгінгі күнге жалпы аудандағы шағын субъектілердің саны 3220-ға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға өсіп отыр.
«Жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында несие пайызын субсидиялауға 4 жоба үшін 83,0 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру бойынша 8 жоба бойынша 5,8 млн теңгенің грантын алдық. «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС өндіріс және қызмет көрсету саласындағы 18 жобаға 130,18 млн теңге несие алып, жұмыстарын бастады», — деді аудан әкімі.