Олимпиадада ел атауы тұңғыш рет қазақша жазылады

Ұлттық құрама өкілдері Қазақстан тарихында алғаш рет Олимпиада ойындарына «QAZAQSTAN» деген жазуы бар формамен қатысады, деп жазды turkystan.kz.

Маңызды элементті халықаралық белгіден ұлттық белгіге өзгерту үшін Халықаралық Олимпиада комитетінен арнайы рұқсат алынды. Бұл ретте Қазақстан ХОК-тың үш әріптік кодтарының тізімінде KAZ белгісімен қала береді. Өйткені аббревиатура халықаралық стандартқа сәйкес пайдаланылады.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің өкілдері ана тілінде дайындалған олимпиадалық киім-кешектің маңызды элементтердің атлеттерге сенімділік беріп, отандастарды қолдаудың символына айналатынына сенімді.

«Олимпиада ойындары – ең алдымен үздік атлеттер өз байрағымен шығатын достық пен бейбітшіліктің үлкен фестивалі. Бұл тек спортшылар үшін ғана емес, өз командаларын қолдайтын барлық жанкүйер үшін маңызды оқиға. Олимпиада кезіндегі кез-келген жабдыққа басты назар аударылады. Сондықтан ел атауының «QAZAQSTAN» деп жазылуы – ұлттық құраманы және бүкіл елді әлемдік қауымдастық алдында өте маңызды қадам болып саналады.

Қазақ мәдениетінің ұлттық элементтері форма дизайнында халықтың салт-дәстүрлері мен өзіндік ерекшелігін ерекше атап өту үшін әрқашан да маңызды рөл ойнайтын. Біздің шетелдік әріптестеріміз жаңа жазуға жоғары баға берді. Біздің атлеттерге де форманың жаңа элементі ұнайтынына сенімдіміз», – делінген ҰОК хабарламасында.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына спортшылар жаңартылған формада аттанады. Көп ұзамай, барша қазақстандық жаңа формамен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button