Жаңалықтар

Нығматулин мен Кемертелидзе «Қазақстан халқына» 1 миллиард теңге аударды

ашық дереккөзі

Нығматулин мен Кемертелидзе «Қазақстан халқына» 1 миллиард теңге аударды

YDD Corporation және Asia FerroAlloys компанияларының акционерлері Ерлан Нығматулин мен Давид Кемертелидзе «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына қомақты қаражат аударды, деп жазды turkystan.kz. Инвесторлар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру туралы бастамасын қолдау мақсатында әлеуметтік жобаларға, ең алдымен денсаулық сақтау және білім беру салаларын қолдауды мақсат тұтқан қорға 1 миллиард теңге аудару туралы шешім қабылдаған. «Өздерінің іс-әрекеті әу бастан қазақстандықтарды әлеуметтік жағынан қолдау маңызды болып табылатын компания үшін бұл бағыт алдағы уақытта да басымдыққа ие болып қала береді», - делінген хабарламада.