«Қазақфильм» тексерістен кейін 12 көлігін сатып жіберді

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комиссия «Қазақфильм» АҚ-ға мемлекеттік аудит жүргізген болатын. Тексерістің нәтижесінде акционерлік қоғам басшылығы автопаркінің бір бөлігін аукцион арқылы сатып жіберуге мәжбүр болды, деп жазды turkystan.kz.

«2019 жылдың желтоқсан айында жекелеген бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ұйымдардың активтерін басқаруға мемлекеттік аудит жүргізілді», – деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Аудит барысында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның активтерді тиімді басқармай отырғаны анықталған. Осыған байланысты «Қазақфильмге» көліктерді одан әрі пайдалану немесе сату бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

«Акционерлік қоғам есеп комиссиясының бұйрығын орындау мақсатында мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталындағы аукцион арқылы 12 көлік сатылды», – деп түсіндірді комитетте.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button