«Тәртіпсіздіктерге экстремистік ұйым мүшелері қатысты» - Ерлан Қарин
«Тәртіпсіздіктерге экстремистік ұйым мүшелері қатысты» - Ерлан Қарин
Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин елдегі тәртіпсіздіктерге радикал және экстремистік ұйым мүшелері қатысқанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, 20 желтоқсанда бір мезгілде Қазақстан аумағына бір топ шет ел азаматтарының келуі тіркелген, олар 7-8 қаңтарда түрлі бағытта елден шықпақ болған.
«Сонымен қатар, арнайы қызметтер еліміздің ішінде әрекет еткен бірқатар радикал және экстремистік ұйым мүшелерінің соңғы оқиғаларға қатысу дерегін анықтады. Шетелдік террористік ұйымдардағы қазақстандық радикалдардың бұл оқиғаларды пайдаланып, жаңа шабуыл жасау әрекеті болды. Бұл әрекеттерді арнайы қызмет дер кезінде басып тастады», - деді Ерлан Қарин.
Мемлекеттік хатшының айтуынша, республикадағы тәртіпсіздікті сот экстремистік деп таныған ұйымдардың бірі арандатқан.
«Сот таныған экстремистік ұйымдардың бірі осы шерулерді, тәртіпсіздіктерді, ашық түрде зорлық-зомбылық әрекеттерін, әкімшілік ғимараттарды басып алуды тудырды», - деді мемлкеттік хатшы.