Жаңалықтар

Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар бойынша антирекорд тіркелді

ашық дереккөзі

Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар бойынша антирекорд тіркелді

Соңғы тәулікте Қазақстанда 13 874 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп жазды turkystan.kz. Бұл - пандемия басталғаннан бері тіркелген рекорд көрсеткіш. Бұған дейін максимум 15 қаңтарда тіркелген болатын. Ол кезде бір күнде 13 523 жаңа жағдай анықталған еді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 085 004-ке жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 4 874, Алматы қаласында – 1 580, Шымкент қаласында – 450, Ақмола облысында – 420, Ақтөбе облысында – 366, Алматы облысында – 329, Атырау облысында – 584, Шығыс Қазақстан облысында – 394, Жамбыл облысында – 233, Батыс Қазақстан облысында – 440, Қарағанды облысында – 2 669, Қостанай облысында – 291, Қызылорда облысында – 236, Маңғыстау облысында – 233, Павлодар облысында – 515, Солтүстік Қазақстан облысында – 143, Түркістан облысында – 117.