Өзбекстанда ұшқышсыз авиация өндірісі іске қосылды

Өзбекстанда ұшқышсыз авиация өндірісі іске қосылды

Өзбекстанда ұшқышсыз авиация өндірісі іске қосылды
ашық дереккөзі
Өзбекстан Lochin деп аталатын ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығаруды қолға алды, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы қорғаныс өнеркәсібі мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі хабарлаған. Ұшқышсыз ұшатын аппараттарды шығарумен Қорғаныс өнеркәсібі мемлекеттік комитеті жанынан құрылған Ұшқышсыз ұшу жүйелері ғылыми-өндірістік орталығы айналысатын болады. Орталық арнайы құрал-жабдықтармен, құрылғыларды өндіру, құрастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша сынақ зертханасымен толық жабдықталған.
«Жоба Орталық Азияда алғаш рет Өзбекстанда әзірленіп, іске қосылды» деп жазылған хабарламада.