Петропавлда 5 автокөлік соқтығысты

Дүйсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында 4 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz.

Олардың екеуі таңертең Қызылжар ауданында болған. Оқиға орны облыс орталығынан алыс емес. Полицейлер апатты қолайсыз ауа райы жағдайында болған деп санайды.

«Жол нашар көрінген кезде өтіп бара жатқан көлікті басып озуға болмайды. Керісінше, жылдамдықты азайту керек. Ауа райын болжайтын мамандарға құлақ асып, алыс жолға шықпаған жөн», – деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Айдын Байматов.

Өкінішке қарай, өңірде жол-көлік ережесіне бей-жай қарайтындар азаймай отыр.

Мәселен, Сәтпаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде Mercedes автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шеккен ер адам жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Тағы бір жол-көлік оқиғасы Әуезов көшесінде болған. Салдарынан 5 автокөлік пен көше жарығының екі бағаны зақымданды. Бұған ISUZU ауыр жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалуы себеп болды. Оның қарсы бағытта келе жатқан көлікпен соқтығысқаны анықталды. Дәл осы кезде жақын келе жатқан бірнеше көлік те соғылған.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button