«Ертістің» экс-директоры бас бостандығынан айырылды
«Ертістің» бұрынғы директоры Жанайдар Дүйсембаев салықтан жалтарғаны үшін бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Мұндай ақпаратты Prosports.kz порталы жариялады.
Жанайдар Дүйсембаев клубты 2016-2018 жылдар аралығында басқарған.
Айта кетейік, клубтың басқа бұрынғы жетекшілері Серік Умарханов пен Ардақ Тұрсұқпаев та қамалған еді.