«Қасым-Жомарт ағамыз бар екені ойға түскенде көңілің жайланады» - Мұхамеджан Тазабек

«Қасым-Жомарт ағамыз бар екені ойға түскенде көңілің жайланады» - Мұхамеджан Тазабек

«Қасым-Жомарт ағамыз бар екені ойға түскенде көңілің жайланады» - Мұхамеджан Тазабек
ашық дереккөзі
17 қаңтар күні Алматыдан елордаға келген қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желіде ел астанасынан жаймашуақ атмосфера сезіліп тұрғанын жазды, деп хабарлады turkystan.kz. Ол Қазақстанды әбігерге салған оқиғалардың басылып келе жатқанын тілге тиек етті.
«Үйде еркек болса, бала-шаға қорықпай ұйықтайтыны секілді, Нұр-Сұлтан төрінде қаһарман тұлға - Қасым-Жомарт ағамыз бар екені ойға түскенде біртүрлі көңілің жайланады. Алла ісіне береке беріп, қадамын нық қылсын!»  -деп жазды Мұхамеджан Тазабек.
Сондай-ақ қоғам қайраткері жаңа қызметке тағайындалған ағалары мен інілерін құттықтап шыққан.
«Бәрінің көзінде от, елге пайдамыз тисе деген ынталары зор. Жақсылыққа үміт еттім. Алла қаласа, жаңарған жарқын күндердің пайдалы парақтарын осы азаматтар жазады деген ойдамын», - деді ол.
Оның жазбасы Мемлекет пен Отанның рухани қызметінде болу туралы кеңесімен түйінделген. Еске сала кетейік, Мұхамеджан Тазабеков былтырғы желтоқсан айында  «Парасат» орденімен марапатталды.