Қазақстан интернет еркіндігі нашар елдердің қатарына енді

Қазақстан интернет еркіндігі нашар елдердің қатарына енді

Қазақстан интернет еркіндігі нашар елдердің қатарына енді
ашық дереккөзі
Әлемде алтыншы жыл қатарынан интернет еркіндігі нашарлап барады. Мұны Freedom House америкалық құқық қорғау ұйымының жаңа баяндамасынан байқауға болады. Зерттеу 65 елде жүргізілген. Нәтижесіне сәйкес, Қытай, Сирия және Иранда интернет еркіндігі бәрінен нашар деп табылған.
Интернеті еркін емес елдер тізіміне 17 мемлекет кірген. Олардың ішінде Египет, Беларусь, Қазақстан, Судан, Ресей, Пәкістан және Вьетнам бар. Freedom House мәліметі бойынша, аталған елдерде негізінде жергілікті биліктің қысымына тап болып, әлеуметтік желілердегі еркін жазбалары үшін немесе лайк басқаны үшін түрмеге қамалу қаупі бар. Мәселен, Ресей биыл 65 теріс ұпай жинап, былтырғы жылмен салыстырғанда үш теріс ұпай артық алған. Freedom House дерегі бойынша, Ресей билігі мұны "антитеррорлық әрекетпен" байланыстырады. Бірақ елде оппозициялық мәлімдемелер, ЛГБТ белсенділерінің және Украина жөніндегі постар үшін де жауапқа тартылып жатады. Құқық қорғаушылардың пікірінше, әлемнің 28 елінде интернет жартылай еркін, 17 елде цензура мүлдем жоқ. Интернет еркіндігі жөнінде бес ел - Эстония, Исландия, Канада, АҚШ және Германия алда келеді. Бұл тізімде Грузия мен Армения да бар.